18 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №4-1/339

311 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
2015 жылғы 16 сәуір, Астана қаласы Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2) тар­мақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамыр­дағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.МАМЫТБЕКОВ «КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Ұлттық экономика министрі _____________Ә.ИСЕКЕШЕВ _____________ Е.ДОСАЕВ 2015 жылғы « » 2015 жылғы 8 маусым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 4-1/339 бұйрығымен бекiтiлген Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі Р/с № Бiлiктiлiк талаптары мыналардың болуын қамтиды Құжаттар тізбесі Ескертпе 1 2 3 4 1 астық сақтау қоймасының меншік құқығындағы (элеватор, астық қабылдау пункті) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7586 болып тіркелген бекітіл­­ген Қазақстан Респуб­ликасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы №131 бұйрығымен бекітілген Құқық­тық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесіне сәйкес берілетін жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы «Жылжымайтын мүлік тізімі» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесінен көрсетілетін қызметті берушімен расталады 2 технологиялық жабдықтар: (астық тазалау машинала­ры, астық кептіру жабдығы), таразы жабдығы (белгілен­ген тәртіппен тексерілген), тиеу-түсіру құрылғылары, көтергіш-көлік жабдығы, жылжымалы көлік жабдығы, белсенді желдету жабдығы, астық сақтауға арналған ыдыстар, сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған жабдық Осы бiлiктiлiк талаптарының қосымшасына сәйкес нысан бойынша астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер Осы талапқа сәйкестікті лицензиар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Рес­публикасы Заңының 10-бабының 3-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен белгілейді 3 өткізу режимі, аумақтың қоршалуы, асфальтталған алаңдар Осы бiлiктiлiк талаптарының қосымшасына сәйкес нысан бойынша астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер Осы талапқа сәйкестікті лицензиар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Рес­публикасы Заңының 10-бабының 3-тарма-ғы 3) тармақшасына сәйкес бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен белгілейді 4 өлшеулердің жай-күйін бағалаудан өткен астық сапасын айқындауға арнал­ған және зертханалық жаб­дықпен және аспаптармен (ылғал өлшегіштермен, кептіру шкафтарымен, зертханалық таразылар­­мен, дәнді ұнтақтауға арналған диірмендермен, елеуіштер жиынтығымен, сынама іріктегіштермен, ыдыстармен, ақуыз құрамын, дән маңызының құрамы мен сапасын, құлау санын анықтауға арналған құрылғылармен, астықтың залалдануын анықтауға арналған оптикалық аспап­тармен); астық үлгілерін сақтауға арналған сөрелер­мен жабдықталған өндіріс­тік-технологиялық зертхана «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес берілетін өлшем құралдарының түрiн бекiту туралы, өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы, өлшем құралдарын тексеру туралы сертификаттары 5 тиiстi бiлiмi бар (техникалық басшылар үшiн – жоғары техникалық, технологиялық немесе агрономиялық бiлiм, мамандар үшiн – орта біліммен кейінгі (техникалық, технологиялық немесе агрономиялық бiлiм) техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктi құрамы Осы бiлiктiлiк талаптарының қосымшасына сәйкес нысан бойынша астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер Осы талапқа сәйкес­тікті лицензиар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Рес­публикасы Заңының 10-бабының 3-тар­ма­ғы 3) тармақ­шасына сәйкес бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен белгілейді Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымша Нысан Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер Астық сақтау қоймасының (элеватор, астық қабылдау пункті) атауы: _______________________________________________________________ Құқық иеленушінің БСН _______________________________________ Астық сақтау қоймасының мекенжайы және кадастрлық нөмірі_______________ Меншік иесі (құқық иеленуші) ____________________________________ Технологиялық жабдықтың болуы туралы мәліметтер Жабдықтың атауы Өлшем бірлігі ______ 20__ жылы бары Жағ-дайы 1 2 3 4 астық кептіру жабдығы сағатына дана /тонна астық сақтауға арналған ыдыстар мың тонна астық тазалау машиналары дана белсенді желдету жабдығы дана жылжымалы көлік жабдығы дана көтергіш-көлік жабдығы дана сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған жабдық жиынтық таразы жабдығы (белгіленген тәртіппен тексерілген) дана тиеу-түсіру құрылғылары дана Өткізу режимінің, аумақтың қоршалуының, асфальтталған алаңдардың болуы туралы мәліметтер______________________________________________________ (асфальтталған алаңдар бойынша көлемдер м2 көрсетіледі) Өлшем құралдарының түрiн бекiту туралы, өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы, өлшем құралдарын тексеру туралы сертификаттардың болуы туралы мәліметтер (сертификаттарды мемлекеттік метрологиялық қызметтері немесе аккредиттелген заңды тұлғалар метрологиялық қызметтері береді) р/с № Құжаттың атауы Құжаттың нөмірі Іс-әрекетінің басталу күні Іс-әрекетінің аяқталу күні Метрологиялық қызметтің атауы 1 2 3 4 5 6 Жарамды жабдықпен және аспаптармен астық сапасын айқындауға арналған өндірістік-техникалық зертхананың жабдықталуы туралы мәліметтер Объект Өлшем бiрлiгi ___________20__ жылы бары 1 2 3 Ақуыздың үлесін анықтауға арналған құрылғы дана Астық тегін анықтауға арналған құралдар (пурка) дана Астық үлгілерін сақтауға арналған сөрелер дана Астықтың зақымданғанын анықтауға арналған оптикалық аспаптар дана Дән маңызының үлесі мен сапасын анықтауға арналған құрылғылар дана Дәнді ұнтақтауға арналған диірмендер дана Елеуіштер жиынтықтары дана Зертханалық таразылар дана Кептiргiш шкафтар дана Құлау санын анықтауға арналған құрылғылар дана Сынама іріктегіштер дана Ылғал өлшегiштер дана Техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктi құрамының болуы туралы мәліметтер р/с № Маманның Т.А.Ә. (ол бар болған жағдайда) Лауазымы Білімі бойынша мамандығы Мамандығы бойынша жұмыс өтілі 1 2 3 4 5 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 9 шілдедегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11595 болып енгізілді.